Жаңалықтар

Қытайда Қазақстанның сауда орталығы ашылады

Оның жұмысы тауар айналымын арттырып, экономикалық қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталады. Бұл жөнінде Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді. Халықаралық сауда орнында отандық кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырып импорттаушы тарапқа ұсына алады. Бұл компанияларға делдалсыз жұмыс істеп тікелей нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Негізінен ауыл шаруашылығы өнімдеріне басымдық беріледі. Жобаның ресми ашылуы Нанкин қаласында қыркүйек айына жоспарланып отыр. Келешекте қазақ-қытай сауда айналымын 100 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделіп отыр. Бауыржан Болғанысов, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Экспортты ілгерілету департаментінің директоры: – Функциясы Орталық Азия елдерінің продукциялары сол орталықта сатылады және басқа да провинцияларға сол орталық арқылы таратылады.

Қытай деп қарамай, оның өзін әр провинцияға бөліп, әрқайсымен тікелей жұмыс жасап жатырмыз. Жергілікті халықты Қазақстан тауарларымен таныстыру бірінші кезекте. Екіншіден әрі қарай экспортқа шығып жатса, ол тіпті жақсы.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close