Жаңалықтар

Оралман мәселесі оңалмай тұр

Оралман мәселесі оңалмай тұр



4 қыркүйекте Алматы қаласы, Ақбұлақ ықшам ауданына қарасты «Үрімші» кафесінде қалалық Алматы қалалық Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, қалалық көші-қон полициясы өкілдері шеттен келген қандастармен кездесті. Шараны Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Отан оттан да ыстық» жобасы аясында ұйымдастырып отыр.
Жиын барысында тұрақты тіркеуге тұру, азаматтық алу және кәмелет жасықа толмаған балаларды азаматтыққа қабылдау жолдары талқыланды. Әсіресе Ерсінбек Елтай мен Нәзира Қайратқызының қазіргі тағдыры жиналғандардың назарын бірден аударды. Сондай-ақ, Тұрысқазы Мақпалдың да құжаттық қиыншылықтары көпке кедейін талқыланды. Бірі Шығыс Қазақстаннан, екіншілері Солтүстік өңірден келіпті. Бірақ, шешімі шықпады. Себеі – шеттен келген қандастардың салғырттығы мен кейбір аудандық көші-қон мекемелерінің дұрыс жұмыс жасамауы салдарынан аталған азаматтар қазіргі таңда ешбір құжатсыз жүр. Бар құжаттары Қазақстанда тұрып, азаматтық алуға жарамсыз. Ал заң жүзінде бұл мәселені реттеудің жалғыз жолы – Қытай асырып, кері қайтару. Алайда бірінің баласы, бірінің анасы болып отырған жоғарыдағы азаматтырдың Қытайға қайтқысы жоқ. Шекара аттаса болғаны Қытай «құрығы» дайын тұр. Яғни «саяси үйренудің» «шәкірті» болады. Бұл бәрімізге аян. Дәл осындай заң шеңберінде бірден шешіп тастауға келмейтін күрмеуі күрделі мәселелер жиын барысында ұзақ талқыланды. Жиын барысында заңгер – Айгүл Орынбек пен Кәмшат Есмұхамбетте бұл процесті жеңілдетудің жолдарын ұсынды. Бәрінің мақсат-мүдделері бір – «қайтсек азаматтарымызды елімізде алып қаламыз?» – деген. Алайда жоғарыда аты аталғандардың тіркеуі басқа облыс болғандығы себепті, ең бірінші тіркеуді Алматыға ауыстырудан бастауды ұсынды мамандар. Сол арқылы көмек көресетін болып келісті.

Жиын соңында сала мамандары қандсатарға азаматтық алу жолдарын, азаматтыққа құжат тапсырарда кейбір талаптардың айрықша маңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде Күлпаран Галиева қандастарға құжатқа мұқият болуды ерекше тапсырды.

Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы
– Кейбір қандастарымыз келеді. «Мына құжат көршімдікі еді, әкемдікі еді тағысын-тағы жақындарымдікі еді» – деп. Өкінішке орай біз ондай бірде бір құжатты қабылдай алмаймыз. «Бұл құжаттың иесі өзі келсін» десек, «ауырып жатыр, құжат толтыра алмайды…» Толып жатқан себептер айтады. Олай болмайды. Құжат кімдікі заң бойынша сол азаматтың немесе азаматшаның өзі келуі керек. Орынына басқа бір жақындарының келуі заңсыз болып табылады. Тіпті, делдал болуы да ықтимал. Сондықтан, әрқандай құжатқа өздеріңіз келіңіздер. Бізді де түсіңіздер. Барлығымыз ҚР заңына сәйкес жұмыс жасаймыз. «Қарт екен, науқас екен» – деп құжаттарды қабылдай беру біздің қолымыздан келмейді. Сондай-ақ, Қазақстан республикасынан қандай да бір құжат алмақ болсаңыз оған қажетті қосымша деректер, дәлелдер керек. Сіздер «өтіп кел, алып кел» дегеннің бәрін уақыты алып келсеңіздер бүгінгідей қиыншылықтарға тап болмас та едіңіздер. Сондықтан, кез келген жағдайды ушықтырмай, кешіктірмей, заң аясында жұмыс жасасаңыз бітпейтін құжат болмайды. Тіпті, ол үшін ешқандай делдалдың да көмегі керек емес. Қазақстанда бітпейтін құжат болмайды. Тек талаптарын уақытылы орындау жағы кемшіл. Егер сіз делдал көмегіне жүгінсеңіз, онда сіз де ҚР заңын бұзған есептелесіз. Алдағы уақытта осындай проблемаларды ескерерсіздер. Және де оралман мәртебесі кез келген шеттен келген қандасқа бір ақ рет беріледі. Және ол уақыты өтіп кеткен жағдайда алты ай ішінде тағы үш ай мерзімге ғана ұзартылады. Өкінішке орай көптеген қандастарымыз осы оралман куәліктерінің уақыты өтіп, азаматтық ала алмай жүр. Міне осы мәселені «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі көтеріп, сіздерге көмектесудің жолдарын қарастырып жатыр екен. Мүмкін алдағы уақытта оң шешімін тауып қалар. Бірақ, қазіргі заңға сәйкес оралман мәртебесінің уақыты өткен кісілер азаматтыққа құжат тапсыра алмайды. Сондықтан, кез келген құжаттарыңыздың жарамдылық мерзіміне мән беріңіздер.



Ләззат Мұхитова
Алматы қалсы Ішкі істер департаменті көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі
– Кейбір шеттен келген қандастарымыз «Оралман» болғысы келмейді. Әсіресе, Ресейден келген қандастар. Азаматтық алуға келдім дейді. Азаматтық алу үшін қажетті құжаттар тізімін ұсынамыз. Сонда оралман куәлік те болу керек дегенді көріп ренжіп жатады. Сіздер, қадірлі қандастар оралман мәртебесін алуға ренжімеңіздер. Қайта аталған мәртебе сіздердің жылдам ҚР азаматтығын алуларыңызға септігін тигізеді. Ал, оралман куәлігі жоқ адам Қазақстан азаматы болу үшін талаптар өте ауыр. Жайдан жай азаматтық куәлік беріле бермейді. Мысал шетелдіктер еліміз азаматтығын алуы үшін визасы «тұрақты тұруға» деген болуы керек. Ал, оралман мәртебеңіз болса, онда бірде-бір артық талап жоқ. Тікелей құжаттар тапсыра бересіздер.
 Естеріңізге сала кетсек. Қандастарға құқықтық және тілдік көмек көрсету және оларды бейімдеу ісі бойынша «Отан оттан да ыстық» жобасы осы жылдың көктем айында қолға алынған. Шара аясында оралмандарға ақпараттық қолдау көрсететін www.qandastar.kz сайты мен жедел желі телефондары (+7 778 808 77 08, +7 727 983 51 33) іске қосылған.
Құрметолла МҰХАМЕТХАНҰЛЫ 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close