Жаңалықтар
Медициналық жанжал: ДСБ басшысы «қара трансплантологияға» қатысы бар деп айыпталды
Фото: ашық дереккөз
Алматы қалалық кардиология орталығының экс директоры Алмат Қодасбаевқа заң бұзушылық жасады деген айып тағылды, – деп хабарлайды qandastar.kz Письма президенту телеграм арнасына сілтеме жасап.
Жарияланымда Қодасбаевтың үстінен Алмалы ауданының прокуратурасына шағым түскені айтылады. Дәлірек айтқанда, экс директор қайтыс болған науқасты «тірі пациент» ретінде ауруханадан шығарған. Оның үстіне дәрігерлер белгісіз себептермен мәйітке аутопсияны мәйітханада емес, ауруханада жасаған. Ал қайтыс болған науқастың туыстары дәрігерлер науқастың мүшелеріне қол сұққан болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.
Сонымен қатар медициналық сақтандыру қорынан отаға 2,8 млн теңге жұмсалғаны анықталды. Құжатта қайтыс болған науқасты үйіне шықты деп көрсеткен.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Кодасбаев тегін Тұрысбекұлына ауыстырған және ол Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінде.
Әзірге оның тарапынан тағылған айыпқа қатысты ресми жауап берілмеді.