Жаңалықтар

«Әділдік және өркендеу» қоры кеншілердің зейнет жасын төмендету туралы петицияға қосылды

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры«Казуглепроф» көміршілер кәсіподағыныңкеншілердің зейнет жасын төмендету туралыбастамасына қолдау білдірді.

Петицияны қолдайтындар Үкіметтен кеншілердіңзейнет жасын 50-ге дейін төмендету мәселесінқарастыруды сұрайды. Құжатта «көмір кенішіндегізиянды өндірістік факторлардың жұмысшылардың денсаулығына тигізетін кері әсері жазылған. Ұзақ уақыт бойы мұндай жағдайда еңбек етужұмысшыларда ауыр дерттің пайда болуына әкеп соғатыны ерекше атап өтіледі. Жасы елуден асқан кеншілердің көбі түрлі ауруға шалдыққан. Қазба жасалатын кенжар мен кен орнындағы еңбек жағдайын білетіндер қатты шаң, газбен ластанған, қолайсыз температура мен басқа да экстремалды фактор бар жерде алпыс жастағы адамның ауыр жұмысты атқаруы қиын екенін түсінеді.

Елдетіркелген кәсіптік аурулардың негізгі үлесі – көмір өнеркәсібі қызметкерлері шалдыққан дерттер. 1998 жылы жеңілдетілген зейнетақы жүйесі тоқтатылды. Содан бері 2-3 онжылдықта жер астында жұмыс істейтін кеншілер денсаулығына зиян болса да, жұмысын жалғастыруға мәжбүр. Дәл сол себепті кенші мамандығының беделі де жойылып кетсе керек. Еске салсақ, 2006 және 2017 жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің шахталарында болған еңбек жанжалдары кезінде кеншілер қойған негізгі талаптың бірі – зейнет жасын төмендету болған еді».

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Казуглепроф» көмір өндірушілердің өнеркәсіптіккәсіподақ ұйымы Сізден заңнамаға жер астында жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақытөлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз етеотырып, зейнет жасын 50 жасқа дейін төмендетуге қатысты өзгерістер енгізуді сұрайды.

Қазіргі уақытта кеншілердің зейнетке тек 55 жастан бастап қана шығу мүмкіндігі бар екенінеске саламыз.

Петицияны әзірлеуді «Казуглепроф» көміршілерсалалық кәсіподағының жетекшісі Марат Мирғаязов көтерді. М.Мирғаязов – Қазақстандағыбеделді кәсіподақ қызметкері, ол жылдар бойыкеншілердің құқығын қорғап келеді. Ол басқаратынұйым «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорыныңсеріктесі.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорыҚазақстанның өңірлеріндегі барлық жанашыразаматтарды петицияны қолдауға шақырады

https://epetition.kz/petition/742b851a-ec1d-4ddc-ae1e-e04bf392d16a?commentPage=0

Сондай-ақ біз көміршілер кәсіподағына құқықтықжәне ұйымдастыру жағынан қолдау көрсетуге, қажет болған жағдайда оның билік пен жұмысберушілер арасындағы көпірі болуға дайынбыз.

Қордың мақсаты – еңбек адамыныңқұқықтарын қорғау және әлеуметтік әділеттіліктіорнату. Кеншілермен ниетіміз бір және біз көміршілердің еңбек жағдайын жақсарту жәнеәлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін барлықзаңды құралдармен күресуге дайынбыз.

Біз барлық жанашыр қазақстандықты осы бастаманы қолдауға шақырамыз.
Біздің қатарымызға қосылыңыз – әділ Қазақстан үшін, еңбек адамының құқығы үшін бірге күресейік!

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close