Жаңалықтар
Айқын Төлепберген әйелін тастап кетті дегендерге жауап берді
Фото: ашық дереккөз
Желі қолданушылары әнші Айқын Төлепбергенді бірінші әйелін тастап кетті деп сынға алған болатын. Кейін оның өзі оқырманына жауап берді.
«Қазақстан аруы – 2013» байқауының жеңімпазы Айдай Исаева Instagram-дағы парақшасына видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Қалың көпшілік бейнежазбада Айқын Төлепберген мен оның әйелі Жұлдыз Өмірғалиды көріп, оларды жарыса сынға алған.
Айқын әйелін тастап кеткелі ұнамай қалды», «Келіншегін тастап кеткенде өзім де жылап алған едім», «Айқын мағанда ұнамай қалды. Балалы болып, жас қызға кетіп қалды. Тастап кеткен әйелінің бағы ашылсын. Бақытты болсын», «Айқын сол жағдайдан соң мүлде ұнамай қалды. Әндерін тыңдамай кеттім, – деп жазып әлек желі қолданушылары.
Ал әнші өзіне қарша бораған осындай сын-пікірлерден кейін оқырман алдына өзі шығуды жөн көрген.
Бәрі қасымда. Ешкімді тастаған жоқпын, – деп қысқа жауап қатты ол.