Мәдениет

Әкім: Ақтау Түркі әлемінің мәдени астанасы болады

Фото: ашық дереккөз

Ақтау қаласы – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы ретінде белгіленді. Бір жыл бойы Ақтау қаласы төрткүл дүниенің ерекше назарында болады. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп жазды qandastar.kz

Өңірде түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мәдени жыл наурыз айында TURKSOY ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлері кеңесінің отырысымен және түркі елдері жұлдыздарының гала-концертімен ашылады.

«Түркі әлемінің мәдени астанасы болу Маңғыстау өңірі үшін ұлттық салт-дәстүр мен төл өнерімізді әлемге танытып қана қоймай, аймақтың туристік әлеуетінің артуына, өңір халқының әл-ауқатының жақсаруына оң әсерін тигізеді»,- деді аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close