Жаңалықтар
Әкім бұрынғы әйелін 11 жыл бойы ұрып-соғып, азаптаған
Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі Ринат Ибрагимов Атырау облысы Мақат ауданының әкімі қызметін атқарады. Бұрын спортшы болып, тіпті Олимпиада ойындарына қатысқан екен.
Ақмарал Үмбетқалиеваның сөзінше, әкім күйеуі оны балаларының көзінше ұрып, мүгедек қыламын деген. 2021 жылы мас күйінде ұрған кезде бетін сындырыпты. Соңғы рет 2023 жылы соққыға жыққанда кеуде омыртқасы сынып, бір ай бойы аяғын баса алмай қалған екен. Сол кезде күйеуі келіп, балаларын алып кетіп, сол күйі көрсетпей қойған.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, іс сотқа 2024 жылы ақпанда жіберіліпті. Ал облыстық сот, іске қатысты келесі сот отырысы 29 мамыр сағат 10.00-де болатынын хабарлады.