Жаңалықтар

Ақмола: Өрттен екі бала қаза тапты

Фото: gov.kz

Ақмола облысы Бұланды ауданындағы Шұбарағаш ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Өрт салдарынан 2017 және 2021 жылдары туған екі бала түтіннен улану салдарынан қаза тапты, деп жазды qandastar.kz

Төтенше жағдайлар департаментінің жедел нөмірлеріне қоңырау түскен жоқ. Өртті куәгерлер сөндірген, – делінген хабарламада.

Өрттің себептерін облыстық ТЖД-ның өртті зерттеу сынақ зертханасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі алдын ала тергеу жұмыстарын бастады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close