Жаңалықтар
Ақордада Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағы кім үміткер болғанын мәлімдеді
Ақорда ақпараты бойынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Маңғыстау облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысу үшін Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барды.
Кездесу барысында Айбек Дәдебай депутаттарға Маңғыстау облысының әкімі лауазымына Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай мен Ұлықбек Серікұлы Тналиевтің кандидатурасын ұсыну туралы президенттің хатын оқып берді. «Ашық дауыс беру нәтижесінде 96 депутат Нұрдәулет Қилыбайдың, 17 депутат Ұлықбек Тналиевтің кандидатурасын қолдап, дауыс берген. Жиналысқа жалпы 113 депутат қатысты», – делінген хабарламада.