Әлем жаңалықтары
АҚШ пен Украина сирек кездесетін минералдар туралы келісімге қол қойды

Фото: ашық дереккөз
АҚШ пен Украина сирек кездесетін минералдар туралы келісімге қол қойды, деп жазды qandastar.kz
Ұзаққа созылған дау-дамайдан кейін Дональд Трамп діттегеніне жетті. Мәміле жайлы ақпаратпен Украинаның вице-премьері әрі Экономика министрі Юлия Свириденко бөлісті. Ол өзінің әлеуметтік желісінде АҚШ-пен экономикалық әріптестік орнатқанын қуана хабарлады. Сондай-ақ, Украинаны қалпына келтіруге арналған инвестициялық қорды құруға жол ашылғанын мәлімдеді.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, қор елді қалпына келтіруге, инфрақұрылымды жаңғыртуға, бизнесті қолдауға және экономиканы дамыту үшін инвестиция тартудың тиімді құралына айналуы тиіс. Трамп үшін бұл келісімшарт аса маңызды. Ол Вашингтонның Украинаға көрсеткен әскери көмегі үшін өтемақы ретінде табиғи ресурстар мен пайдалы қазбаларға қол жеткізуді көздеп отыр.