Қаржы және төлемдер

АҚШ-тың баж салығынан кейін азиялық қор нарықтары құлдырады

Фото:Pexels.com

Дональд Трамп 185 елден әкелінетін тауарларға баж салығын енгізгеннен кейін азиялық қор нарықтары құлдырап жатыр. Бұл туралы  qandastar.kz    Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ баж салығын көтергеннен кейін Жапонияның Nikkei 225 индексі 8%, ал Кореялық Kospi 5%-ға жуық төмендеді. Гонконг қор биржасының HSI негізгі индексі 9%-дан астам құлады. Бұл – жыл басынан бергі ең төменгі көрсеткіштер. Инвесторлар жаһандық сауда соғысынан қорқады.

Азияның мемлекеттік органдары мен ірі экспорттаушы елдер кездесулер өткізіп, нарықты тұрақтандыру шараларын қабылдап жатыр.

Қытайдан АҚШ-қа өнім жеткізу тарифтері 34%, Жапония мен Оңтүстік Корея үшін 24% және 25%-ға тең.

Бұған дейін Трамп Қазақстан тауарларына баж салығын 27% көтергені айтылды. Алайда сауда министрлігі жаңа тарифтың экспортқа айтарлықтай әсері жоқ екенін айтады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close