Жаңалықтар

АҚШ жаңа ядролық бомба жасады

АҚШ Энергетика министрі Крис Райт Техас штатындағы Амарилло қаласында орналасқан Pantex ядролық қару зауытында B61-13 деп аталатын жаңа ядролық еркін құлайтын бомба жасағанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты NNSA сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметерге сенсек, Хабарламада NNSA АҚШ-тың ядролық арсеналын жаңғырту аясында B61 отбасының ең соңғы нұсқасы B61-13 бомбасын жоспардан бұрын жасап шығарғанын айтты. Бұл бомба суық соғыстан кейінгі кезеңдегі ең жылдам дайындалып, қарулы күштерге қабылданған ядролық қарулардың бірі болып отыр.

Министр Райттың айтуынша, ядролық арсеналды жаңарту бұрынғы президент Дональд Трамптың «Күш арқылы бейбітшілік» қағидатын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады.

B61-13 бомбаларын тек стратегиялық бомбалаушы ұшақтар алып жүре алады және оларды АҚШ-тың құрлықтағы әскери базаларында орналастыру жоспарланып отыр.

2023 жылдың қазан айында Пентагон B61 ядролық бомбасын B61-13 нұсқасына дейін жаңартуға ниетті екенін мәлімдеген еді. Бұл шешім «потенциалды қарсыластар тарапынан төнетін қауіптердің артуына» байланысты қабылданған. NNSA басшысының міндетін атқарушы Тереза Роббинс биылғы мамыр айында B61-13 бомбаларының жаппай өндірісі басталатынын хабарлаған.

Defense News басылымының мәліметінше, B61-13 бомбасының қуаты B61-7 нұсқасына ұқсас болады және ескірген еркін құлайтын бомбалардың бірқатарын алмастырады. Америкалық ғалымдар федерациясының (FAS) дерегінше, B61-7 бомбасының ең жоғары қуаты – 360 килотонна.

2024 жылдың қаңтарында NNSA B61-12 термоядролық бомбаларын жаңғырту бағдарламасы аяқталғанын хабарлаған. B61 отбасы АҚШ ядролық арсеналындағы ең көне және әмбебап қару түрі. B61-12 нұсқасы B61-3, B61-4, B61-7 және B61-10 бомбаларын алмастырады. Бұл нұсқаның қуаты 50 килотоннаға дейін, оларды F-35A жойғыш ұшақтары жеткізіледі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close