Әлеумет және қоғам

Ақтау: Жаяу жүргіншілер жолағында екі оқушыны көлік қақты

Фото: видеодан кадр

Оқиға Шығыс-2 және Шығыс-3 шағын ауданы арасындағы жолда болған, деп хабарлайды  qandastar.kz

Сабақтан шыққан 3 оқушы жаяу жүргінші жолағы арқылы жолдың екінші бетіне өтпек болған. Олар көліктің тоқтағанына көз жеткізіп барып, жолға шығады. Алайда бір көлік қатты жылдамдықпен келіп, алда кетіп бара жатқан 2 баланы қағып кетті. Салдарынан жеткіншектер ауыр жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

— Науқастар 2013 және 2014 жылғы. Біреуінде бас ми жарақаты, бірінші сатыдағы қарыншаішілік қан кету және беті мен денесінің сынықтары бар. Жағдайы ауыр. Ал екінші бала ес-түссіз, комада жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір дәрігерлер әлі де тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, — дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз хатшысы Жұлдызай Қалиева.

Облыстық Полиция департаменті аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close