Жаңалықтар

Ақтөбе гарнизонында әскери қызметкер өзін атып өлтірді

Фото: ашық дереккөз

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе гарнизонының мәліметінше, оқиға 23 қарашада болған.

«2024 жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметкер күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өз өзіне қол жұмсады», – делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close