Жаңалықтар
Ақтөбе облысында құрғақ шөп өртеніп, кейбір ауылдарға қауіп төнді
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Миялы ауылдық округі Дияр ауылынан 70 шақырым қашықтықта тұтанған. Отқа оранған құрғақ шөпті сөндіруге өрт сөндірушілер және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері барған. Сайланғанына екі-ақ күн болған Миялы ауылдық округінің әкімі Исатай Мәнібаевтің айтуынша, өрт 2 маусым күні түнде тіркелген.