Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы кен байыту комбинатында апат болып, екі жұмысшы қаза тапты

Фото: t.me/HromtauLIVE

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында орналасқан Дөң кен-байыту комбинатында жүк көлігі аударылып кетті. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Апат салдарынан екі жұмысшы оқиға орнында қаза тапты.

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан кәсіпорынның екі қызметкері көз жұмды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Компания марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетеді”, – делінген «Қазхром» компаниясының хабарламасында.

Әлеуметтік желіде комбинатта болған жол апатының видеосы жарияланды. Видеодан жүк көлігінің үлкен жылдамдықпен келе жатып, аударылып кеткенін көруге болады.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушы қаза тапқан.

«Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген полиция хабарламасында.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрды. Тексеру қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға заң аясында шара қолданылатын болады.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысындағы шахтада кен опырылып, жұмысшы қаза тапқаны туралы жазған едік.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close