Жаңалықтар

Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, төрт адам қаза тапты

Фото: видеодан алынды

Самара-Шымкент тасжолының Әлия ауылы маңында жүк және жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Апат салдарынан оқиға орнында төрт адам қаза тапты.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Кеше сағат 18:45 шамасында Самара-Шымкент тасжолының Қобда ауданы Әлия ауылы маңында Mersedes жүк көлігі мен Volkswagen Polo көлігі соқтығысты. Жеңіл көліктегі төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен бала медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 бөлігі бойынша іс қозғалды. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады», – деді Қобда ауданы ПБ бастығының орынбасары Аслан Шотанов.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close