Жаңалықтар

Ақтөбеліктер жолдағы олқылыққа әкімді кінәлауда

Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе қаласының қақ ортасында көлік кептелесіне себеп болған жол апаты тіркелді. Қала тұрғындары жол апаты жиілегенін алға тартып, облыс әкімінің жұмыс істемейтіндігін жарыса жазуда, деп хабарлайды qandastar.kz

Апат 5 наурыз күні орталық көшелердің бірі болып саналатын Әбілқайыр хан даңғылында болған. BMW X5 көлігі мен Porshe көлігі соқтығысып қалған. Нәтижесінде №46-автобус қиылыста қыстырылып қалып, көшедегі көлік кептелісіне алып келген. Екі бағытқа да қозғалыс жоқ.

Видео кадрларынан көшедегі қардың уақытылы тазартылмағанын көруге болады. Ақтөбеліктер болса, әкімдіктің жұмысқа салғырт қарайтынын жазып, көшедегі жолдардың көліктің еркін қозғалуына мүмкіндік бермейтінін нәтижесінде осындай апаттар жиі болатынын жарыса жазған.

«Оқиға орнында бірде де бір полиция қызметкері болған жоқ. Қала бойынша сұмдық кептеліс болды», «Неге қарды уақытылы тазартып, шығарып тастамайды? Барлығымыз арыздануымыз керек!», «Шахаров әкім болғалы қаланың жағдайы қиындап бара жатыр», «Осының барлығына әкімдік кінәлі. Тендер ұстағанның қолында кетіп жатыр. Жол тазаланбайды. Төрт жолақты жол дейді, бірақ ол екі жолақты болады. Ол жолмен ит те, адам да, көлік те қысылып жүреді. Нәтижесі осындай апаттар», «Әдеттегідей қарды тазалауға техника жетіспей ме?», «Әкімшіліктің алдын жалап тазалап болмай, көшелерге қарамайды», — дейді олар.

Бұдан бөлек, кадрдағыдай үлкен автобустар Ақтөбенің тар көшелеріне арналмаған деп қарсылық танытып жатқандардың қарасы көп. Жол апаты кеше болса да, кептеліс бүгін таңға дейін жалғасқан. Ал облыстық Полиция департаменті болса, зардап шеккендер жоқ екенін алға тартып, әдеттегідей жүргізушілерден жол ережесін сақтауды талап етіп отыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close