Әлем жаңалықтары
Әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы да қымбаттады

Фото:Курсив медиа
Әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы да қымбаттады, деп жазды qandastar.kz
Жыл бастала мың құбылған қара алтын құны соңғы аптада өз өсімін жалғастырды. Бүгінде Brent маркасының бір баррелі 76 доллардан асқан. Осылайша екі аптада шамамен 3%-ға қымбаттады. Ал, жоғары сұрыпты WTI маркасы 72 доллар 12 центке саудаланып жатыр. Мұнай нарығындағы оң серпін АҚШ-тағы шикізат қорының көбеюінен туындаған. Сондай-ақ, саяси шиеленістен қара алтын тасымалындағы қиындықтар бағаның шарықтауына алып келді. Атап айтқанда, Қазақстан мұнайы жөнелтілетін құбырға жасалған шабуылдан кейін, экспорт көлемі күрт қысқарды.