Жаңалықтар
Әлемге танымал порно актрисаны шақырған: Астанада өткен турнирде шу шықты
28 жастағы ресейлік порно акриса Ева Эльфидің шын аты — Юлия Романова.
Қазақстанда өтіп жатқан халықаралық киберспорт турнирін ұйымдастырушылар атақты порноакрисаны қонаққа шақырды, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Туризм және Спорт министрлігі ересектерге арналған фильмдердің актрисасы Ева Эльфидің 2025 жылғы PGL Major Astana кибертурниріне қатысуына байланысты түсініктеме берді.
«Аталған киберспорттық турнирді Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырмағанын ресми түрде мәлімдейміз. Турнирді ұйымдастыру және өткізу функцияларын халықаралық тәуелсіз киберспорт ұйымы — PGL Esports жүзеге асыруда. Турнирді өткізуге байланысты шешімдер, оның ішінде қонақтар мен арнайы тұлғаларды шақыру – ұйымдастырушылардың дербес құзыретінде»,- делінген хабарламада.
Министрліктің мәлімдеуінше, ведомство тек жалпы спорттық үдерісті бақылау, техникалық талаптардың сақталуын және елдегі халықаралық спорттық турнирлердің қауіпсіз әрі заң шеңберінде өтуін қадағалауды қамтамасыз етеді.
PGL Astana 2025 — Counter-Strike 2 (CS2) бойынша әлемдік деңгейдегі ірі киберспорттық турнир. 2025 жылдың 10-18 мамыры аралығында Қазақстанның Астана қаласында орналасқан Барыс Аренада өтіп жатыр.
Айта кетсек, 28 жастағы ресейлік порноакриса Ева Эльфидің шын аты — Юлия Романова. Ол 2018 жылдан бастап ересектерге арналған фильмдерге түсе бастаған. 2019 жылы өзі жеке канал ашып, алғашқы видеосын жариялайды. Оны бір жыл ішінде 53 млн адам көреді. Тіпті порноиндустриядағы атағы үшін бірнеше рет маратпатқа ие болған. Осы уақытқа дейін актриса 100 шақты порно фильмге түскен.