Жаңалықтар
«Әлі қыз бен жігіт сияқтымыз»: Дастан Оразбеков бір ғана әйелді сүюдің құпиясымен бөлісті

Танымал әнші Дастан Оразбеков журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында отбасының беріктігінің, бір ғана әйелге адалдығының құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Әйгерім өнер иесінен оның отбасының тұрақтылығының, әйелімен сонша жылдан бері тату болуының сыры неде екенін сұрады.
Оның отбасы құрғанына жиырма жылдан астам уақыт болған.
«Ең бастысы, таңдаған кезде махаббат болуы керек деп ойлаймын. Біз әлі күнге дейін қыз-жігіт сияқты жүреміз. Қитығымыз бар, теріс қарап қаламыз. Бірақ ең басты нәрсе, мұны психологтар да айтады әңгімелесу керек. Міндетті түрде диалог болуы керек. Екі адамның егер бірігіп өмір сүремін десе бір-біріне деген эголары қалмауы керек. Эго болмауы керек. Біреуі эгосын басып екіншісі қалыпты болып жүре бере алады. Ал егер екеуі де эгосын басатын болса, ол жұп құлпырады», — деді әнші.