Жаңалықтар

«Алланың қалауымен үйлі болдыңыздар»: Маскадағы адам баспанасын су алған 34 отбасына үй берді

Фото: видеодан скрин

Маскадағы белгісіз адам желідегі парақшасында биыл көктемде су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасыға баспана бергені туралы жария етті. Бұл  qandastar.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видео Instagram желісіндегі Сhelovekvmaskee парақшасында жарияланды.
«Кешіріңіз, апа. Сіздер судан зардап шектіңіздер ғой!? Рұқсат болса, Алланың қалауымен сіздер үйлі болдыңыздар», – дейді видеода жомарт жігіт.

Сонымен қатар ол баспана қай өңірлердің тұрғындарына берілгенін атап өтті.

«Су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасы баспаналы болды. Біз сіздермен бірлесіп, 1 млн долларды су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның әр өңіріне үлестірдік. Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы», – деді ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close