Жаңалықтар

Алматы әкімдігінің 126 млрд қарызы анықталды

Фото: gov.kz

Алматы әкімдігінің 126 млрд теңге қарызы бар, деп жазады qandastar.kz

Қаланың аудит комиссиясы 2023 жылға тексеріс жүргізді. Соның барысында бюджет қаржысын жоспарлау, пайдалану және қайтару бойынша мәселелер анықталған. Аудиторлар есебіне сүйенсек, 2015-2023 жылдар аралығында Алматы әкімдігі 50 рет кредит алған.

2023 жылдың соңында олардың тек үшеуін ғана төлеген. 2023 жылдың 1 қаңтарында қала әкімдігінің борышы 129,84 млрд теңге болды. Бір жыл ішінде ол қарыздың 3 млрд теңгесі ғана төленді.

Қарызды не үшін алды? 32,99 млрд теңге – республикалық бюджет алдындағы қарызы. 2039 жылға дейін қазынадан 10 рет кредит алған. 27,56 млрд теңгені «Алматы жылу жүйелері» компаниясы алған. Ол қаржы Алатау ауданындағы 2017 жылғы Универсиада нысандарын жылумен қамтамасыз ету үшін жылу магистралінің құрылысы мен ЖЭО-2 жылу шығару жүйесін жаңалау үшін қажет болған. 5,42 млрд теңгені «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «Аграрлық несиелік корпорация» арқылы алып, жастар ұсынысы мен кәсіпкерлікті қолдау үшін жұмсаған. 93,57 млрд теңге – 2032 жылға дейін алған 11 мәміле бойынша кредиторлар алдындағы қарыз. 11,73 млрд теңге – Наурызбай ауданындағы Қалқаман-2 ауданы мен Түркісіб ауданындағы Жас Қанат шағын ауданының құрылысы үшін жұмсалды. 81,85 млрд теңге – «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында балабақша, кітапхана, мұражай, театрды жөндеу жұмысына, жол жөндеуге және т.б. құрылыстарға қажет болған.

Бюджетті басқаруда айтарлықтай қателіктер анықталған. Дегенмен аудиторлар әкімдік кредиторлар мен республикалық бюджет алдындағы қарызын уақытылы және графикке сай төлеп отырғандығын айтады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close