Жаңалықтар

Алматы облысында көлік жүргізушісі 6 жасар баланы қағып, қашып кеткен

Фото: AlmatyNews

Жол-көлік оқиғасы 4 шілде күні ауыл дүкендерінің бірінің маңында болған, деп хабарлайды Qandastar.kz

Алматы облысының Көкөзек ауылында Lexus RX 300 жүргізушісі артқа қозғалған кезде велосипед теуіп жүрген 6 жасар баланы қағып кеткен. Ол жарақат алған баланы көре тұра, оқиға орнынан кетіп қалды.

«Қазіргі уақытта күдіктінің орналасқан жерін анықтап, ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы бағытталды. Жол-көлік оқиғасы және оқиға орнын тастап кету фактісі бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Бала ауруханаға жеткізілді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close