Білім

Алматы облысында мұғалім сабақ үстінде оқушыға қол көтерген

Сурет: видеодан скриншот

Тарих пәнінің мұғалімі жұмысынан босталыған

Алматы облысында мұғалім оқушыға қол көтерген. Бұл туралы видеоны сыныптағы балалардың бірі түсіріп алған, деп хабарлайды qandastar.kz KYN.KZ ақпарат агенттігі сілтеме жасап.

Оқиға Алматы облысының Көктерек ауылындағы №21 мектебінде орын алған. Балалардың айтуынша, тарих пәнінің мұғалімі оқушыларға сабақ үстінде қол көтерген.

Аталмыш видео әлеуметтік желіде тарап кеткен.

«Іле аудандық Білім бөлімі Көктерек ауылындағы №21 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі жұмысынан босағанын хабарлайды. Жұмыстан босатуға мұғалімнің педогика этикасын сақтамау, сегізінші сынып оқушысына күш қолдану арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануы себеп болды», — деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close