Қонаев қаласы мен Алматы облысында жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі енгізілді. Бұған дейін бұл жүйе Үлкен Алматы айналма жолында жұмыс істеген болатын. Бұл туралы qandastar.kz сайты kazinform.kz порталына сілтеп хабарлады.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір өңірдегі республикалық маңызы бар барлық

автожолдарда көліктердің орташа жылдамдығы өлшенеді. Атап айтқанда, «Алматы-Бішкек», «Алматы-Қонаев», «Алматы-Шелек-Қорғас» және «Алматы-Астана» тас жолдары жүйеге қосылған.
Тәртіп сақшылары жылдамдықты асырған жүргізушілер автоматты түрде тіркеліп, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Еске салсақ, орташа және белгіленген жылдамдықты бақылау механизмін енгізу жол бойындағы қауіпсіздікті арттырып, былтыр жол-көлік оқиғаларының санын шамамен 10%-ға төмендеткен. Сонымен қатар, көлік ағымы 45 миллионнан 54 миллионға дейін, яғни 20%-ға өскен.



