Жаңалықтар

Алматы облысында сарбазды аспанға оқ атып қарсы алғандар ұсталды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай Қарасай ауданы Көксай ауылында болған. Қарулар тиісті сараптамаға жолданды.

«Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізді. Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті ведомстводан.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close