Жаңалықтар

Алматы облысында ұзақ жыл қызмет еткен аудан әкімі ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында ұзақ жыл қызмет еткен аудан әкімі ұсталды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Александр Борейко жазды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевты қамауға алды. Ол бұл қызметті алты жыл бойы, 2018 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді. Аудан әкімі лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және қызметтік өкілеттігін асырды деген күдікпен ұстады, – делінген хабарламада. 

 

Қазіргі таңда істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті түрде жүргізілуде.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close