Жаңалықтар
Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, 1 әйел қаза тапты

Фото: shutterstock.com
Үш адам «Шымбұлақ» курортынан бір шақырым қашықтықта тыйым салынған жерде шаңғы тепкен. Олардың екеуі қар көшкіні астынан өздігінен шығып үлгерсе, үшіншісі қаза тапты, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«17 наурыз күні солтүстік Талғар ауданында 3160 метр биіктікте көлемі 50 текше метрге жуық қар көшкіні жүрді. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, фрирайдерлер қар көшкіні қаупі туралы ескертулерді елемеген. Оқиға орнына шұғыл қызметтердің құтқарушылары жетті. Үйінді астынан 1990 жылы туған Ресей Федерациясы азаматшасының денесі табылды», — делінген хабарламада.