Жаңалықтар
Алматыда атыс болды

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы мекемелердің бірінде атыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады qandastar.kz
Атысты ұйымдастырды деп күдікке ілінген 35 жастағы Жетісу облысының тумасы ұсталды.
Аталған оқиғаға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Травматикалық қаруды қолдану дерегі бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жетісу облысының тумасы, 35 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық қару тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, бір-бірін танитын екі ер адамның арасында жанжал шығып, салдарынан олардың бірі екіншісінің аяғына оқ атқан. Қазіргі уақытта өзге де мән-жайлар анықталып жатыр», — деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі.