Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыда қандастардың қатысуымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты дөңгелек үстел өтті

Тұғыры биік, маңыздылығы шексіз, ұлтымыздың ұлы жетістігі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» орай, Алматы қаласында «Тәуелсіздік – Тұғырым» атты дөңгелек үстел өтті.

Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – осы соңғы 30 жылдықтың көлемінде елге келіп өздері үлкен жетістікке жетіп қана қоймай, қазақ елінің дамуына да айрықша үлес қосқан қандас азаматтарды елге таныстыру, дәріптеу.

Ел тәуелсіздік алғанда атбасын Атажұртқа бұрған ағайындардың саны бүгінде 1,5 миллионға жетіпті.
Бұлкүнде елге оралған қандастар ғылым саласы, оқу-ағарту, медицина, ғарыш, технология, IT, өндіріс, кәсіпкерлік саласында елеулі еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып жатқан азаматтар аз емес, міне сол азаматтардың ішінен біразы бас қосып, өздерінің Тәуелсіздікке деген құрметін білдіріп, барша Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.
1990 жылдары қазіргі Қазақстан жеріне шын патриот азаматтар көшіп келе бастады. Себебі, ол кезде ешқандай квота тәрізді қолдаулар жоқ еді. Сондай отансүйгіш мықты азаматтар мен оларлың ұрпақтары қазір еліміздің әртүрлі салаларында орасан зор жетістікперге жеткенін қуанышпен, мақтанышпен айтуға болады.

Елім деп еңіреген аңғал да ақ жүрек ағайындардың шынайы отаншылдығы әр кез барша жұрт құрмет тұтуға лайықты деп есептейміз.Сонымен бірге ел тәуелсіздік алған алғашқы жылдары шеттегі Қандастардың елге келуіне мұрындық болған Смағұл Елубай, Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков(Дулат ағамызды президент шақыруына байланысты келеалмады) сияқты ұлт көшбасшыларын шақырып, ағаларға барша қандастар атынан «рахмет» айтып иығына шапан жапты.

Басқосуға әр сала өкілдерінен 30 ға жуық азаматтар қатысып, өз өмір жолдары, жеткен жетістіктерін айтып, елмен бөлісті, осы жетістіктерінің бәрі Тәуелсіздіктің арқасында болғанын айтып, ризашылығын білдірді.

Елім, жерім дейтін жандар болса, ерім дейтін ел табылары хақ. Осындай ұлтының болашағы мен кемел келешегінің кемесінің желкенін кең жая, әр саланың майталманы болар нар тұлғалар болса, еліміздің егемендігі мәңгі болып қала бермек.

Жиын соңында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» арнап, Қазақстанның Орталық мұражайына қандастар атынан «ЕСТЕЛІК» тарту етті.

Qandastar.kz

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close