Жаңалықтар
Алматыда таулы аймақта құрылыс нормаларын бұза отырып салынған үйлер сүрілуде

Фото: gov.kz
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, «Жаңару» ЖК, 556 мекенжайында орналасқан блоктық тұрғын үйлер бұзылып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz
Үй иесіне (жеке тұлғаға) құрылыс жұмыстары басталғанға дейін таудың етегін кесіп, тіреу қабырғасын тұрғызғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шыққан, кейін сот арқылы мәжбүрлі түрде орындату туралы талап арыз берілген.
Orda.kz жазғандай, одан кейін бақша үйлерін салуға берілген рұқсат құжаттарына сүйене отырып, меншік иесі екі блоктық тұрғын үйдің құрылысын бастаған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, нысанды «бақша үйі» ретінде пайдалануға берген, алайда бұл іс-әрекет бекітілген эскиздік жобаға сай келмеген.
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қолданып, 2024 жылдың 16 мамырында Бостандық аудандық сотына бастапқы рұқсат құжаттарын жою және нысанды сүру туралы талап арыз түсірген.
2025 жылдың 20 мамырында сот істері аяқталып, меншік иесінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады, және нысанды сүру туралы сот шешімі заңды күшіне енді.
Үйді сүру жұмыстары Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.