Жаңалықтар
Алматылық дәрігерлер науқастың өтінен 5 мың тас алды

Фото: Zakon.kz
Алматылық дәрігерлер науқастың өт қабынан 5 мыңнан Астам тас алып шықты. 40 жастағы азаматқа шұғыл түрде ота жасалған, деп жазады qandastar.kz
«20 жылдық тәжірибемде мұндай жағдайды алғаш рет көріп тұрмын. Өт қабы толып қалған. Тура бір ет салынған бұрышқа ұқсайды. Мұндай жағдай өмірде бір рет қана кездесетін шығар», – деді хирургия бойынша бас дәрігердің орынбасары Фараби Стамқұлов.
Операция сәтті өтті. Науқастың жағдайы қалыпқа келіп, көп ұзамай ауруханадан шығарылды.