Жаңалықтар
Amanat партиясы филиалының бұрынғы басшысы

Фото:gov.kz
Amanat партиясы филиалының және Ақсу ауданы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Серікхан Жақыпов әйелінің жиенін зорлағаны үшін өмір бойына сотталды, деп жазды qandastar.kz
Сот жабық есік жағдайында өткендіктен, істің мән-жайы айтылмады. Ер адамның кінәсі куәгерлер мен сарапшылардың көрсетулерімен дәлелденді. Алайда сотталушының өзі оны мойындамай, ақтауды сұрады.
Жәбірленушінің өкілі сотталушыдан моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге сұрады.
Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сотталған азамат 15 миллион теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
«Аманат» партиясы Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының экс-басшысы 2024 жылдың 1 тамызында өз еркімен қызметінен кетті”, – делінген хабарламада.