Әлем жаңалықтары

Американы жеңеміз: Солтүстік Корея басшысы мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын елінің «антиимпериалистік, антиамерикалық күресте» жеңіске жететініне сенімді екенін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл мәлімдеме Корей соғысындағы бітімнің жылдығына орай жасалды, -деп хабарлады КХДР-дың мемлекеттік KCNA агенттігі.

Ким Чен Ын әскери музейге сапары кезінде: «Біздің мемлекет пен халқымыз қуатты армиясы бар гүлденген ел құрып, бұл күресте абыроймен жеңіске жетеді», – деді.

Аikyn.kz жазғандай, Солтүстік Корея тарапынан мұндай мәлімдемелер АҚШ-пен ұзаққа созылған саяси және әскери шиеленістің жалғасып жатқанын көрсетеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close