Жаңалықтар
Әп-сәтте несие рәсімдейді: полиция қазақстандықтарды белгісіз нөмірден түскен видеоқоңырауға жауап бермеуге шақырады
Алаяқтарға біреудің атына несие рәсімдеуге деректерді алу үшін бірнеше секунд сөйлессе жеткілікті. Әрі қарай олар құрбанының аккаунтын бұзып, оның атынан несие рәсімдейді. Сондықтан ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды бейтаныс нөмірлерден түскен видеоқоңырауларға жауап бермеуге шақырды
. «Алаяқтар адамның бет-бейнесін түсіру үшін видеоқоңыраумен хабарласады. Алаяқтар бейнеқоңырау шалып, адамның бет-әлпетін көшіріп, мобильді банкингте тексеруден өткен жағдайлар болды.
Бейтаныс, әсіресе шетелдік нөмірлерден келіп түскен видеоқоңырауларға жауап бермеңіз. Ал егер жауап берген болсаңыз, бұл туралы 102 нөмірі бойынша полиция қызметкерлеріне дереу хабарлаңыз», – деп ескертеді полиция.