Әлеумет және қоғам

Әр бала 5,5 мың теңгеден жәдемақы алады

Фото: Kazinform

Елімізде 66,5 мың отбасындағы 352,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,8 млрд теңге қарастырылған, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұрын хабарланғандай, АӘК негізгі мақсаты — ақшалай төлем түрінде қолдау және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мақсаты:

— табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

— табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 маусымда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 108,2 мың балаға 2,5 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

— жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға грант беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және өзге де шаралар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close