Жаңалықтар

Арғын Нығматуллин қанша жылға сотталады?

Фото: ашық дереккөз

2007 жылдан 2018 жылға дейін «Сарыарқа» хоккей клубы ЖШС директоры қызметін атқарған.

Бас прокуратура Арғын Нығматулинге және басқа да тұлғаларға аса ірі көлемде уақытша мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды (ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) деген күдікке байланысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы.

ҚР Бас прокуратурасы А.Нығматулинге және басқа да күдікті тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 4-бөлігі 2-тармағы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.

Бұл бап бойынша жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, Арғын Зайруллаұлы 1955 жылы дүниеге келген. 2007 жылдан 2018 жылға дейін «Сарыарқа» хоккей клубы ЖШС директоры қызметін атқарған. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close