«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Сайыр Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев пен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға депутаттық сауал жолдап, ұлттық құндылықтарға негізделген амандасу әдебін қалыптастыру мәселесін көтерді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Депутаттың айтуынша, амандасу мәдениеті – халықтың салт-дәстүрі мен қоғамдық әдеп нормаларын көрсететін маңызды құндылықтардың бірі. Осыған байланысты ұлттық ерекшеліктерге негізделген амандасу әдебін жас ұрпаққа үйрету қажет.
Ерлан Сайыр амандасу мәдениетін білім беру және мәдени-ағартушылық бағыттағы жұмыстарға енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды. Оның пікірінше, мұндай бастамалар ұлттық бірегейлікті нығайтып, жастардың дәстүр мен құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.