«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына заңнамалық шектеу енгізуді ұсынды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Депутаттың айтуынша, балалардың әлеуметтік желілерге ерте жастан тіркелуі олардың қауіпсіздігіне қатысты бірқатар мәселені туындатады. Осыған байланысты ол кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерді пайдалануына қатысты нақты құқықтық тетік енгізу қажеттігін көтерді.
Жанарбек Әшімжанов Үкімет басшысынан бұл мәселені заңнамалық тұрғыдан қарастырып, 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне шектеу қою бойынша шаралар қабылдауды сұрады.