Жаңалықтар

«Әртүрлі 10 қыздың белінен ұста!» Мотивациялық кітап көптің сынына ұшырады

Фото: astanatv.kz

Қазақстандықтар мотивациялық кітапты сынап тастады ,деп хабарлайды qandastar.kz “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

Азаттық рухының мәліметінше, Абай Алғазы есімді автордың өзінің жеке тәжірибесін және табысқа жету жолындағы кеңестерін топтастырған «Батыл қадам жаса! Алдын ала дайындал! Ережелерді бұз!» атты мотивациялық кітабы көптің көңілінен шықпады.

Әлеуметтік желілерде кітап бетінде көрсетілген ерекше жаттығу жарияланған. Онда жазушы белгісіз қыздарға барып, оларды белінен ұстап көтеріп, 360 градусқа айналдыруды ұсынады. Содан кейін қызды жерге қойып, оның көзіне қарап «Сәлем! Мен сені қалаймын!» деп айту керек деп жазады. Бұл әрекетті автор әртүрлі 10 қызбен қайталауды ұсынған. Кейіннен автор пікірлерге жауап ретінде желіде жазба жариялады.

«Бұл еңбек оқырмандарды батыл әрекет етуге, алға жоспар құруға және табысқа жету жолында ережелерді бұзудан қорықпауға шақырады», – деп жазды автор Instagram парақшасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close