Жаңалықтар
«Артында қыздың мүсіні байқалады»: Ақнәрдің 7-қабаттан құлаған сәті бейнекамераға түсіп қалған

Белгілі журналист Руслан Өтепбай қоғамда резонанс тудырған Ақнәр есімді бойжеткеннің өлімі жайлы тың деректі айтты, деп хабарлайды qandastar.kz
Айтуынша, бір жыл бұрын орын алған оқиға бейнекамераға түсіп қалған.
«2024 жылдың 20-шы шілдесінде көпқабатты тұрғын үйдің 7 қабатынан Ақнәр есімді бойжеткен құлап кетеді. 21 жасар Ақнәр секіріп кете ме, әлде шарасыз қызды өзге біреу қасақана итеріп жібере ме? Ақнәр 7 қабаттан 02:54 шамасында құлайды. Сол сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жазбаны максималды түрде үлкейтттік. Видеоға қарасақ терезенің қасында тұрған қыздың мүсінін байқауға болады. Ол қыз Ақнәрдің артында не істеп тұр? Жұмбақты таяуда шешеміз», — деді ол.
Skifnews.kz ақпарат порталы жазғандай, Руслан Өтепбай Ақнәрдің телефонынан жедел жәрдемге 3 рет қоңырау түскендігін және оқиға қалай өрбігенін де анықтаған.
«20:44:-те Ақнәр мен Ранна лифтке кіреді. Лифттен 20:45-те шығып, Дидар деген қыздың пәтеріне барады. Арада 6 сағат өткен соң, түнгі 02:00-де Ақнәрдің телефонынан анасына қоңырау түседі. Анасы қайта хабарласқан кезде тұтқаны ешкім көтермейді. Ал 02:30-да Ақнәрдің нөмірінен бейнежазба келеді. Видеода Ақнәр жерде жатады, үстінде Ранна деген қыз әлденені айтып, қолдарын қысып алған. Видеоны таспалаған үшінші қыз. Есімі Дидар. Видеоны көрген анасы Ақнәрға қайта-қайта қоңырау шалады. Ешкім көтермейді. Туыстары да хабарласады. Жауап болмайды. Екі қыздың біреуі жедел-жәрдемге үш рет қоңырау шалады. Жедел-жәрдемге келіп түскен байланыс бойынша мәтіні мынадай: бір қыз есінен танып жатыр! Содан 02:52-де Ақнәрдің телефонынан анасына тағы бір видео келеді. Видеода бір қыздың шыңғырған даусы естіледі. Араға 2 минут салып, 02;54-те Ақнәр жерге құлайды. Ал қыздар түк болмағандай пәтердің ішінде отыра береді», деді Руслан Өтепбай.