Жаңалықтар
Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды

Фото: gov.kz
Бұрынғы мәдениет министрі Асхат Оралов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz.
2024 жылдан бері ол Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарған. Министрлік қызметінен Асхат Оралов 2023 жылдың қыркүйегінде босатылды.
Асхат Оралов әр жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2022–2023 жылдары «Nur Otan» (қазіргі «Amanat») партиясының атқарушы хатшысы болған.
2023 жылдың 4 қаңтарында президент жарлығымен Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған.