Жаңалықтар
Асхат Садырбай экс-әйелінің айтқанын жоққа шығарды
Фото: ашық дереккөз
Тележүргізуші, журналист Асхат Садырбайдың бұрынғы жұбайы Kyn.kz ақпарат порталына сұхбат беріп, экс-күйеуінің өзіне көрсеткен қорлығын баяндаған еді. Журналист Асхат Садырбай сұхбатқа қатысты жауап берді, деп жазды qandastar.kz
Журналист бұл ақпараттың жалған екенін, 5 жыл бұрын ажырасып кеткендерін алға тартты.
Мен туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз 5 жыл бұрын ажырасып кеткенбіз. Қазіргі уақытта мен балама көмектесіп, кездесіп тұрамын. Басқа мәселелер бойынша барлық тақырып баяғыда жабылған. Бұл сұхбат пен материалдың мақсатын түсінбедім. Заңгерлерге жүгіндім. Жұмыс істеп жатыр”,- деді ол тілшіге.
Еске салайық, журналистің экс-әйелі ұлдары дүниеге келгеннен бастап қарым-қатынастары нашарлап, ұрыс-керіс басталғанын айтқан еді