Жаңалықтар

АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы тағайындалды

Фото: министрлік
Сермағамбетов Серік Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ақпаратпен министрліктің баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz

Серік Сағитжанұлы 1965 жылы 29 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. «Экономист» (Алматы халық шаруашылығы институты) және «заңгер» (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті) мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласында Балық шаруашылығы министрлігінің орталық материалдық-техникалық жабдықтау базасында бас экономист болып бастаған.

Әр жылдары Қызылорда балық зауытының экономист-қаржыгері, әкім аппаратының аға инспекторы, Қызылорда облысы аппаратының басшысы, Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, Жалағаш және Арал ауданының әкімі, «Байқоңыр» ӘКК АҚ ҰК Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Тағайындалғанға дейін Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close