Жаңалықтар

«Ашық жараны дәрісіз таңған»: Ақтөбе ауруханасы күйік шалған 3 жасар қызға 10 миллион теңге моралдық шығын төлегісі келмейді

Фото отбасының жеке дерегінен

Ақтөбе облысында аяғы қатты күйіп, салдарынан жүре алмай, мүгедектік алған 3 жасар қызға дәрігерлер 10 миллион теңге өтемақыны төлеуге келіспейді. Аурухана сот шешіміне қарсы шағымдануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Деректерге сүйенсек, балалар ауруханасы қазір бірінші инстанция сотының шешіміне қарсы шағымдануға тырысып жатыр. Жауапкер соттың аурухана дәрігерлерінің әрекеттері мен олардың бұрынғы науқасындағы денсаулық жағдайының нәтижелері арасында себеп-салдарлық байланыс орнатпағанын айтады. Облыстық сот әзірге сот-медициналық және психологиялық-психиатриялық сараптамалар тағайындауға тоқталды.

Сарапшылар алдында апелляциялық алқа 17 сұрақ қойды. Олардың ішінде:

  • “Балымның операциясы 20-шы күнге дейін жасалса, асқынудың алдын алу мүмкіндігі бола ма;
  • баланың жараларын ешқандай дәрісіз таңу кезінде 10 баллдық жүйе бойынша қандай ауырсыну сезінді?
  • Сонымен қатар баланың жарасының психологиялық дамуына әсері мен адамдармен қарым-қатынаста, мансап құруда психотравмалық комплекс бола ала ма?”, – деген сауалдар болды.

“Бала қазір жүрмейді. Тағы үш операциядан өтті. Әрдайым дәрі ішеді. Шексіз таңу. Балалар ауруханасы жазалансын. Кейбір сарапшылар маған қысым жасай бастады, мен бұл туралы адвокатыма хабарладым”,-  деді Гулдерай Гадилшина.

Еске салсақ, Ақтөбе ауруханасы күйік шалған 3 жасар қызды бір ай бойы емдемей мүгедек қылды деп айыпталған еді. Сот шешімімен аурухана қыздың отбасына 10 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close