Жаңалықтар

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы 4 миллиард теңгеге жөнделді

Фото: ашық дереккөз

Жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды, деп жазады qandastar.kz

Ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары 1 мамырда басталып, желтоқсан айына жоспарланған болса да қыркүйектің аяғында аяқталды. Жөндеу жұмыстары ауа райы жағдайларына және ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары сияқты маңызды оқиғаларға бейімделген.

Нәтижесінде ұшу-қону жолағының, жүру жолдары мен перронның бөлігі ауыстырылып, жарықтандыру және сигнал беру жүйесі жаңартылды.

Айта кету қажет, Қазақстан Астана әуежайын мультимодальды хаб ретінде дамыту үшін Terminals Holding-пен ынтымақтасады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close