Астанадағы «Қараөткел» тарихи зиратында орналасқан Кенесары хан сарбаздарының қабірі желіде белсенді талқыланып жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Кazakhstan.media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Желі қолданушысы Мәжит Ахметов жазғандай, зираттағы зерттеулер әлі де Еуразия университетінің ғалымдары тарапынан жүргізіліп жатыр. Оған арабтанушылар да қатысып, қабірлердегі жазуларды қарауда.
«Зират – Қазақстан астанасындағы ең көне жерлеу орындарының бірі. Ол Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қала құрылғанға дейін де болған зират Астанадағы тарихи және мәдени мәні бар жалғыз шынайы ескерткіш болып табылады. Мұнда Сары батыр, Бөгенбай батыр мен Қабанбай батырдың сарбаздары және Ақмола қаласының алғашқы сұлтаны Коңырқұлджа Құдаймендінің қабірлері орналасқан. Ең ертедегі жерлеулер 1609 жылға тиесілі», – деп жазады Мәжит Ахметов.
Желі қолданушылары бұл орынға ерекше мән беріп, оны сақтап қалуды, ресми мәртебе беруді, мемориал мен ескерткіш салуды, аумақты абаттандыруды және қоршауды қамтамасыз етуді ұсынады.



