Жаңалықтар
Астанада 19 жасар жігіттің мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөз
Астанада 19 жастағы жігіттің денесі табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды qandastar.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ол 9-қабаттан терезесінен құлаған.
Қалалық Полиция департаменті оқиғаның барлық қатысушылары анықталғанын айтты. Аталған жайттың мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық дәлелдері мен мәлімдемелері тергеу шеңберінде мұқият тексерілетін болады.
Іс Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.