Жаңалықтар
Астанада 2 жүк көлігі соқтығысты

Фото:скрин
Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы да тарады. Өндірістік аймақта тіркелген жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар бар делінеді. Астана қаласының полиция департаменті апаттан кейін екі жүк көлігінің кабинасы өртенгенін хабарлады, деп жазады qandastar.kz
Куәгерлер Пушкин көшесінде екі жүк көлігінің бетпе-бет соғысқанын айтады
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектелген.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат әзірге нақты хабарланбады. Десе де, куәгерлер соққыдан кейін бір жүк көлігінің кабинасынан ер адамның мәйітін байқаған, оның кім екені әлі белгісіз.
Қазір жол апатының себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.